Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
«Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып, құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде, іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды»,– делінген хабарламада.