40 адамға 40 миллион теңге көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген азаматша Алматыда ұсталған. Қылмыстық іс алаяқтарға 400 мың теңге төлеп, алданып қалғаны жөнінде полицияға шағым түсірген Атырау тұрғынының арызы негізінде қозғалып отыр.
«Күдікті Қарағанды облысының 35 жастағы тумасы. Азаматтардың сеніміне кірген әйел олардың атына екінші деңгейлі банктер арқылы тауарлық несиелер рәсімдеген. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бап 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Алматыда ұсталып, қамауға алынды», – деп нақтылады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы