Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. https://www.youtube.com/watch?v=mhI0oC4oVZE