Алматыда 23 жастағы А. есімді жігіт мешітке келген жамағатты тонаумен айналысқан.
Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған.
– Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.Полиция қызметкерлері осыған ұқсас оқиғадан басқа да зарадап шекендер болуы мүмкін екенін айтты. Осы ретте тәртіп сақшылары өзге жәбірленушілер болса мына телефон нөміріне хабарласуға шақырды: 254-48-72.