Жамбыл облысы Меркі аудандық полиция бөліміне осы елді мекеннің 39 жастағы тұрғыны қойшысына сеніп тапсырылған 47 бас малын сатып жібергені туралы арызданған. Жалпы шығын көлемі 2 820 000 теңгені құраған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, Меркі ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Малшы жеке басына қаржы қажеттілігіне байланысты төрт түлікті сатып жібергендігін айтқан. Күдікті кінәсін толық мойындап, қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалуда.