Әлеуметтік желіде қазақ тойында түсірілген ерекше видео тарады. Онда күйеу жігітке доллардан жасалған шапан жабылғанын байқауға болады. Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.
"Қазақ Америкада да қазақ", "Бір-екі теңге қосып жіберуі керек еді, сонда ою болады шапанда", "Мақтаншақтық", "Тек бір долларлық банкнот қолданған", "Санап шықтым, $8900", - деп жазуда желі қолданушылары.