Оралда қара түтін жұртты шошытты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адам төзгісіз иіс түн ортасына таман сезіле бастаған. Асан ауылының маңындағы ірі көлемдегі қалдықтарға арналған полигонда өрт шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды mgorod.kz басылымы. Орал әкімдігі өрт сөндіру қызметіне қоңырау 27 тамызда сағат 18.25-те түскенін хабарлады.
"Ресми болжам бойынша, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеп жіберген, өрт "Жайық Таза Қала" ЖШС карьерінің аумағына өтіп, құрғақ шөптер мен бұталарды өртеп, шамамен 1 гектар алаңда орналасқан қоқысқа ауысқан. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімдік баспасөз қызметі өкілдері.