Әйгілі боксшы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суреті туралы айтты.
vRINGe.com сайтының хабарлауынша, жақында 56 жастағы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырғаны жанкүйерлерін алаңдатып қойған. Соның мәнісін Тайсон түсіндірген болатын.
"Ишиас дендеп барады, мәселе сонда. Ол басталғанда, мен тіпті сөйлей алмаймын! Құдайға шүкір, бұл менің денсаулығымдағы жалғыз мәселе. Қазір менің өмірімде бәрі тамаша және бәріне разымын", - деді ол.