Түрікменстан үкіметі астанасы Ашхабад тұрғындарына пластик бөтелкелерді жинауға тыйым салды. Олардың ойынша, жұрттың бұл әрекеті елдің абыройын түсіреді. Бұл жайында жергілікті басылымдар жариялады. Осы уақытқа дейін Ашхабадтың кедей тұрғындары пластикалық бөтелкелерді жинап, өткізу арқылы күнелткен. Тіпті, ақша табудың бірден-бір жолы еді. Сол үшін де адамдар бөтелкелерді көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда жинап жүретін. Қабылдау орындарында келісіне 2 манат (270 теңге) төлейді. Соңғы кездері қабылдау пункттерінде полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылған. Егер әкімшіліктің заңын бұзса, 50 манат (7 000 теңгеге жуық) айыппұл салынады. Полицияның мәліметінше, қайта өңделетін заттарды жинап, тапсыруға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта ресми тіркелген көше тазалаушылар ғана құқылы.