Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны азайды

Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны азайды

Өткен тәулікте 230 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Айта кетерлігі, Жетісу, Абай, Ұлытау облысында бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 44, Алматы қаласында – 36, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 20, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 3, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 35, Қостанай облысында – 24, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау облысында – 10, Павлодар облысында – 6, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Түркістан облысында – 1. Елімізде пандемия басталғалы коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 388 479 адамға жетті.