Ақмолалық полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Ақмолалық полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Ақмола полицейлері терезеден секірмек болған ер адамды аман алып қалды, – деп хабарлады Polisia.kz.   25 тамызда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны мүмкін есірткіден мас күйінде болып, өз пәтерінде жабылып, туыстарына есік ашпай жатқаны туралы телефон хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу келген полицейлер тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде газ баллонын жарып жіберемін немесе пәтердің 5-қабатынан секіремін деп қорқытқан ер адамды тапты. Қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері тұрғын үй подъезінің тұрғындарын эвакуациялады. Полиция жатын бөлмесінің терезесінен секіргісі келген ер адамның назарын аударған кезде, арнайы күштердің қызметкерлері пәтерге кіріп, оны ұстап алып, үйге кіргізді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда және Көкшетау қаласы ПБ тергеушілерінің өндірісінде. Ұсталған ер адам психиатриялық диспансерге орналастырылды.