Көкшетауда кәріз құдығына түскен екі жігіт уланып қалды – видео

Көкшетауда кәріз құдығына түскен екі жігіт уланып қалды – видео

Көкшетауда Жамбыл көшесі 134 б мекенжайы бойынша кәріз құдығын тазалауға әрекеттенген екі бірдей ағайынды жігіт уланып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция мен басқа да шұғыл қызмет өкілдері оларды ауруханаға жеткізген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқиға 1 қыркүйек күні болған. Құтқарушыларға екі бірдей ер азаматтың ес-түссіз кәріз құдығында жатқаны туралы хабарлама түскен. Тұрғындардың айтуынша,  ер адамдар кәрізді тазалау жұмыстарын өздері жүргізіп келген. Кәріз құдығына түскен алғашқы жігіт есінен танып құлап қалған. Оған көмекке асығып шұғыл түскен ағасының да жағдайы нашарлап ес-түссіз күйге түскен. Көмекке түскен үшінші жігіт те ағайындыларды құтқара алмаған. Оны сол маңдағы адамдар шығарып алған. Осыдан кейін құтқарушылар көмекке шақырылған. Әлеуметтік желідегі тұрғындар «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының пәтер  иелері кооперативтері жоқ үйлердің шақыруына бармайтынын айтуда. Ал «Көкшетау Су Арнасы» бұл үйден еш өтініш түспегенін мәлімдеді. Төтенше жағдай қызметі жігіттердің аммиакпен улануы мүмкін екенін хабарлады. «Кәріз құдығына түсіп, естерінен танып уланып қалған екі жігіттің ағайынды екені анықталды. Олар кәріз құбырында жарты сағаттай қалып қойған. Жігіттер төтенше жағдай қызметкерлері шығарып ес-түссіз күйде жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Алдын ала ақпараттар бойынша жігіттер аммиак буымен уланған», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 40 және 42 жастағы жігіттер Көкшетау қалалық ауруханасына кеше кешкісін 20.11-де «Күкіртсутегімен ауыр жағдайда улану» диагнозымен жеткізілген. Басқарманың мәліметінше, ағайынды жігіттердің жағдайы ауыр.

«Біреуінің жағдайы өте ауыр. Ол қазір  ес-түссіз комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сатурациясы төмен небәрі 80 пайыз. Гемодинамикасы тұрақты, қазір детоксикациялық терапия жүргізілуде. Екінші жігіттің жағдайы да ауыр. Аздап есін жинаған. Гемодинамикасы тұрақты. Сатурациясы 94-96 пайыз. Ол да детоксикациялық терапия қабылдап жатыр», – деді Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @sinegor.kz

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тексеріс одан әрі жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысы