Владимир ВИТЧЕНКО, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты: – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Конституциялық реформаны жүзеге асырудың бастауы ретінде қабылда- дым. Өз басым білім беру саласында қызмет ететіндіктен, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру бағытындағы жаңашылдықтар туралы тұсы көңілімнен шықты. Бұл ретте балалардың білім алуына, сыныптан тыс оқуына мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат жас ұрпақтың толыққанды дамуына септігін тигізеді деген ойдамын. 18 жасқа толғанға дейін есепшоттарында жиналатын қаржыны әр қазақстандық білім жолына жұмсай алатыны қандай ғанибет! Осылайша, әр адамға тең мүмкіндік қамтамасыз етілмек. Мектеп түлегінің білім алуына немесе баспаналы болуына алғашқы мақсатты капиталы әзір болмақ. Балаларды ерте жастан спортқа баулып, дене тәрбиесімен айналысуға машықтандырып жүрмін. Осы орайда биылғы маңызды құжаттағы «Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды» деген пікірмен толықтай келісемін. Петропавл қалалық мәслихатының депутаты ретінде қоғамдық қабылдаулар өткізген кезде көпшіліктің қандай мәселелермен алаңдататынан хабардармын. Әсіресе, жол құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруа- шылық саласындағы түйткілдер, шағын және орта бизнестің қиындықтары, әйелдердің зейнеткерлік жасы, аналарға бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеудің мерзімін ұзарту, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелері толғандырады. Президент қозғаған электр жарығы желілерінің, жылу және су жүйелерінің әбден тозғандығы туралы мәселе де әсіресе біздің өңір үшін де өзекті. Осы мәселелердің барлығы биылғы саяси құжатта көрініс тапты әрі шешу жолдары айқындалды. «AMANAT» партиясынан сайланған депутат болғандықтан, биылғы Жолдау партияның Сайлауалды бағдарламасымен тығыз байланысты екеніне назар аудардым. Мәселен, құрылыс, жаңа мектептер салу, жолдарды жөндеу, бизнесті қолдау, ауыл-аймақтарды дамыту мәселелеріне партияның басты құжатында да көңіл бөлінген.