«AMANAT» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары қатысқан жиында партиялықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талдады.
ДСМ вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыруды, халыққа, соның ішінде, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын жасау үшін қазіргі денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік жүйесін оңтайландыру бойынша бірқатар іс-шара атқарылды.
«Сондай-ақ, осы жүйеге байланысты жаңа бұйрық бекітілді. Бұл құжатқа сәйкес, 50 адамға дейінгі тұрғыны бар елді мекендер үйге шақырылатын медицина қызметкерімен қамтылады. Бұған дейін шалғай ауылдарға мұндай жағдай жасалған жоқ», – деді ол.
Айдана Нұрмұхан