Алматыда төлем терминалын бұзғандар 1,5 млн теңгені ұрлап кеткен

Алматыда төлем терминалын бұзғандар 1,5 млн теңгені ұрлап кеткен

Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан.
Ғимаратқа заңсыз кіру және терминалды бұзу арқылы қаскөйлер, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын жымқырған, деп жазады Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.