Елордада ғимарат лифті құлап кетті

Елордада ғимарат лифті құлап кетті

Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады. Видео әлеуметтік желіде тарады. Зардап шеккендер лифттің  5 метр биіктіктен құлағанын айтады.

"Адамдар лифт ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар лифт есігі ашылмай тұрғанын анықтады", - деп толықтырды елорданың төтенше жағдайлар департаменті.
Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде лифт есігі ашылып, 8 адам шығарылды.