Респонденттердің 82,4%-і Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларын қолдайды

Респонденттердің 82,4%-і Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларын қолдайды

Қоғамдық саясат институты 2022 жылғы 7 қыркүйекте телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың қала және ауылдарынан 2394 респондент қатысты. Зерттеу нәтижесі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған саяси бастамаларының халық тарапынан оң бағаланғанын көрсетті. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында президенттің өкілеттіктерінің саны мен мерзімін қайта қарауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, президенттік мандатты қайта сайлану құқығынсыз 7 жыл бір мерзіммен шектеу бастамасы көтерілді. Респонденттердің басым көпшілігі (82,4%) бұл саяси жаңалықты қолдайды. Сауалнамаға қатысушылардың бұл бастаманы қолдаудағы негізгі себептері: - 61,7%-і 7 жылда кез келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға болатынына сенеді; – 14,9%-і 7 жылда барлық билік құрылымдарын монополиялау мүмкін емес деп есептейді. Бір қызығы, әрбір 5-ші респондент (19,5%) үшін Президенттің тек бір рет сайлануын құптайды.