Рейстердің қозғалысын бақылайтын FlightAware сайты осы жазда әлем бойынша кідірістері мен ұшпай қалған рейстер бойынша ең нашар әуежайларды атады, - деп хабарлайды CNN. Тengrinews.kz сайтының аударып жазғанына қарағанда, кідірістері көп әуежайлар тізімі мынадай:
Лестер Пирсон атындағы Торонто әуежайы - 51,9 пайыз. Пьер Эллиот Трюдо (Монреаль) атындағы әуежай - 47,8 пайыз. Франкфурт әуежайы - 44,5 пайыз. Портел атындағы Лиссабона әуежайы - 43 пайыз. Гатвик атындағы лондондық әуежай - 42 пайыз. Шарль-де-Голль атындағы Париж әуежайы - 41,6 пайыз. Мюнхен әуежайы - 40,1 пайыз. Манчестер әуежайы - 39 пайыз. Афина әуежайы - 38,5 пайыз. Ванкувер әуежайы - 37,8 пайыз.
Рейстердің орындалмауы осы жазда Қытайда көп болған. Сайт мәліметінше, саяхат кезіндегі шектеулер мен кенеттен бұғатталу шаралары Қытайда жолаушылар тасымалын едәуір тежеген, ал COVID-19 болдырмаудың қатаң саясаты пандемия басталғалы халықаралық рейстер тіпті азайып кеткен. Рейстері орындалмаған әуежайлар тізімі мынадай: Пудун әуежайы (Шанхай, Қытай) - 29,8 пайыз. Сиань Сяньян әуежайы (Қытай) - 15,6 пайыз. Бейжің Елордалық әуежайы (Қытай) - 14,7 пайыз. Нанкин Лукоу әуежайы (Қытай) - 14,4 пайыз. Чэнду Тяньфу әуежайы (Қытай) - 9,5 пайыз. Шэньчжэнь-Баоань әуежайы (Қытай) - 9,1 пайыз. Сукарно-Хатта әуежайы (Индонезия) - 8,3 пайыз. Ухань Тяньхэ әуежайы (Қытай) - 8,2 пайыз. Ньюарк Либерти әуежайы (АҚШ) - 6,7 пайыз. Ла Гуардиа әуежайы (АҚШ) - 6,7 пайыз. Еуропалық әуежайлар (Франкфурт, Лондон және Париж) мамыр соңы мен қыркүйектің басында осындай жағдайға душар болған.