Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,40 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473, 45 теңге. Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471, 99 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге. Ресей рублі 7,35-7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.