ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 21:54-те жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 89 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.4. MPV магнитудасы 3,7. Эпицентр координаттары 43,42° солтүстік 77,96° шығыс. Тереңдігі 25 км», – деді Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.Бұл Алматы облысында бір тәулікте тіркелген екінші жер сілкінісі. Бүгін сағат 18:44-те сейсмологтар Алматы қаласынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жер сілкінісін тіркеді.