Еуроодақ виза алу ережесін өзгертті
Еуроодақ виза алу ережесін өзгертті
© Сурет ғаламтордан
474
оқылды
Енді құжатты ресімдеуге өтінішті сапарға жарты жыл қалғанда беруге болады. 2 ақпан күні Шенген аймағында визаны рәсімдеудің жаңа ережелері күшіне енді, - деп хабарлайды Life. Өзгерістер ішінде, ең алдымен, өтініш беру кезінде визалық алымның артуы байқалады: енді ол 80 еуро тұратын болады. Сондай-ақ, осы елдердің біріне берілген бірыңғай қысқа мерзімді виза 180 күннің ішінде 90 күнге дейінгі мерзімге Шенген келісімінің 26 елі бойынша сапарға шығуға мүмкіндік береді. Енді Шенген визасына үш ай бұрын емес, алты ай бұрын өтініш беруге болады. Бұл ретте ресімдеуге өтінімді электрондық түрде толтыруға болады.