Израильдің сефардтық бас раввині Ицхак Йосеф Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысып, баяндама жасады. Ол өз сөзінде Құдайға деген сенім әрқашан да маңызды екеніне ерекше тоқталды.
«Адам мен Құдай арасындағы сенім адамдар арасындағы иманға байланысты. Адам әлемде Құдайдың бар екеніне сеніп, барша мемлекеттегі барлық халықты оның балалары деп санаса ғана басқаны шынайы сүйіспеншілікпен сүйе алады. Қазақстан Президенті бізді қабылдап отырған бұл Съезде әрбір адам қымбат. Ковидтің арқасында Құдайға деген сенім күшейді, өйткені бәріміз бізге ештеңе байланысты емес екенін түсіндік. Тіпті кішкентай ғана вирустың өзі сіздің барлық жоспарыңызды бұзуы мүмкін» – деді раввин Съезде сөйлеген сөзінде.