Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,57 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,91 теңге. Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,45 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңге болса, сатып алу құны – 475 теңге. Ресей рублі 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.