Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин – Алварес трилогиясының статистикасын жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. CompuBox-тың статистикасына сәйкес, Головкин 12 раундта 521 соққы жасап, оның 120-ін дәл тигізген (23%). Ал Альварес 487 жұдырық сілтеп, оның 130-ын дәл тигізген (26,7%).
Джеб (Jab) соққысы арқылы танымал отандасымыз әлі де басым екенін көрсетті. 12 раундта Головкин қарсыласқа 350 джеб сілтеп, 74-ін дәл тигізген (21.1%). Альварес 270 джеб соққысын жасап, 45-ін тигізген (16,7%).