Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі 8 күннен кейін өзеннен табылды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы ер адам 10 қыркүйек күні Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында досының үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Туыстары хабар берген соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де тартылған. Алайда оны бірден табы мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.18 қыркүйекте жергілікті ауыл тұрғындарының бірі Таловка өзенінен жоғалған адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Бірқатар сараптама тағайындалды. Өлім себебі соның нәтижелерінен кейін анықталмақ.