Әлеуметтік желіде жүргізушінің кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткені туралы жазба жарияланған болатын. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 10 жасар жаяу жүргіншіні қағу дерегі 19 қыркүйек күні сағат 18:45-те Талғар ауданында болған. Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген - Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақатынан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған дерек бойынша Талғар ауданының полицейлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.