Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,61 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478, 26 теңге. Ұлттық банктің 20 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 54 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге. Ресей рублі 7,45-7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.