Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Ақерке Қожахметова айтты. Арнайы брифинг өткізген Спикер саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, заңнамаға ұсынылған түзетулер туралы айтып берді. Оның айтуынша, саяси партияны құру тәртібі «Саяси партиялар туралы» Заңмен реттеледі. Ол 2022 жылғы 16 наурыздағы Президенттік саяси реформалар бағдарламасына сәйкес партияларды тіркеу рәсімін оңайлату көзделгенін еске салды. Бастамаларды заңнамалық бекітудің болжамды мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан айы деп жоспарлап отырғандығын жеткізді. «Заңнамалық түрғыдан бекітілген соң саяси партия құру үшін саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Сондай-ақ болжамды оңайлату – саны жеті жүз адамнан кем емес болуы да мүмкін», – деп нақтылады Ақерке Қожахметова.