Семейде Әсел Тасмағамбетованың демеушілігімен робототехника орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына «Сәби» қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев пен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.
Жаңа кабинет «Activepanel AP 75» сенсорлық моноблогымен, радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жинақпен, модельдерді құюға арналған «CREATOR Pro» 3Д принтерімен, роботтардың футбол ойнауына арналған алаңдармен, инфрақызыл доптармен жабдықталған.
– Меценаттардың қолдауының арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық, инновациялық салада білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы – біздің өңіріміз үшін маңызды. Өйткені робототехника – болашақтың ең мүмкіндігі жоғары бағыттарының бірі. Сондықтан балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесеміз. Сонымен қатар, өзге де жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұрлан Ұранхаев.