9 облыста ескерту жарияланды

9 облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының басым бөлігінде және Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында және Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.