Соңғы он күнде заңсыз балық аулаумен айналысқан 77 құқық бұзушы ұсталған. Олардан 199 келі балық, 74 келі балық аулау құралы тәркіленіп отыр. «Қазір 74 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде бір адамның ісі сотқа жолданды» деп түсінік берді Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Мейірім Ердәулет. Еске сала кетелік, Атырауда 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі басталды. «Бекіре» 31 қазанға дейін жалғасады.
Баян Жанұзақова