Алматыда тұрғын үй жалдау құны бір түнде 2-3 есеге қымбаттап кетті, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін krisha.kz сайтына жүктелген жарнамаларға назар аударсақ, 1 бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны – 250 мың, 2 бөлмелі – 400 мың, 3 бөлмелі 700 мың теңгенің шамасында. Ал элиталық тұрғын үй кешеніндегі баға 1 миллион теңгеден жоғары.«Қазір Алматы, Астана қалаларында пәтерге сұраныс өте көп. Пәтерді жалға берумен бірнеше қалаларда айналысамын. Өзім де пәтер жалдап тұрамын. Астанада екі бөлмелі пәтер 500 мың теңгеге, Алматыда осы үйді 450 мың теңгеге беремін деп шештім. Жарнаманы бүгін салдым. Таңертеңгі бағаларға қарап мен де осындай бағаны қойдым. Бағаның өсуіне, әрине Ресейден келіп жатқандар түрткі болды»,– дейді үй иесі.Үй иесі «жеңілдік жасайсыз ба?» деген сауалға «450 мың теңгенің ішіне коммуналдық төлемді қосуға болады, бірақ бағаны түсірмеймін» деп жауап берді.