"Мәһірді қыздың келісімімен бермей қойса болады ма?" Бұл сұраққа белгілі теолог, ғалым Жалғас Сәдуақасұлы жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, мәһірді қыздың келісімімен бермей қоюға болмайды. Мәһір беру - уәжіп.
"Құдай Тағала мәһір беруді міндеттеген: «…оларға некелесу шартымен тиісті малын төлеңдер» (Ниса: 24) және «Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. (Ниса: 4). Кейбір азаматтар «Мен қыздың келісімін алдым. Ол мәһір алмауына разы» деп мәһірді бермей қоя алмайды. Ислам бұлай жасауға рұқсат бермейді. Мәһір – қалындықтың ақысы. Келісілген мәһірді бермеу – күнә", - деп жауап берген дін маманы.