Астанада Қазақстанның футбол құрамасы Беларусь командасымен өзара бақ сынады.
«Астана арена» стадионында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері Қазақстанның көк Туын желбіретті. Тудың өлшемі – 12х24 шаршы метр.
Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында мерзімінен бұрын бірінші орын алды.
Қазақстанға жеңісті Михаил Габышев (29-минут) пен Бактиер Зайнутдинов әкелді. Қорытынды есеп - 2:1.
Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.
Осылайша, Қазақстан бес кездесуден кейін 13 ұпай жинап, топты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Алтыншы, соңғы турда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанмен ойнайды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады.
«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.