2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап Өзбекстанда «Мир» карталарына қызмет көрсету техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ӨзА хабарлады. UZCАRD банкаралық төлем жүйесінің мәліметінше, карталарға қызмет көрсетудің тоқтатылуының себебі - төлем жүйесінің қатысушысы тарапынан қажетті техникалық процедуралардың жүргізілуі. Баспасөз қызметі, сондай-ақ Uzcard-Mir ко-бейдж карталары Өзбекстан аумағында тұрақты режимде жұмыс істейтінін, бірақ шетелде жұмыс істемейтінін атап өткен. Өзбекстанда «Мир» картасын мына банктер айналысқа шығарған еді: - Aloqabank; - Mikrokreditbank; - Milli bank; - Turon Bank; - Xalq banki; - Qishloq Qurilish Bank.