Ресейдің Иркутск облысында жас жігіт әскерге шақыру комиссиясының бастығын атып тастады

Ресейдің Иркутск облысында жас жігіт әскерге шақыру комиссиясының бастығын атып тастады

Иркутск облысының Усть-Илимск қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған. Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды "Инцидент Усть-Илимск" телеграм-каналы. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды. Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.