Қызылорда облысында тергеу изоляторында мантының ішінен флешка табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, жасырын әрекет 17 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12.30 шамасында анықталған.
Флешканы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде бақылаушы байқаған.