(Сатиралы өлең фельетон)
Бізде кейбір сот, Жанып тұрған от, Ал енді бірі, Көзге «ірі», Ірі болғанын қайтейін, Үгітілген тот... Ашығын айтсам, Шала-шарпы шоқ, Шешімдері солқылдақ, Үкімдерін оқысаң, Жылайсыз-ау, солқылдап, Тауық ұрласаң, Уәдеңде тұрмасаң, Сегіз жылға сотталасың. Жемқорлар үш жыл алса, «Жынды бас» боп қаласың... Не деген демократия! Деп айтуға оқталасың. Дейді сот: – тәк, Емессің, сен пәк, Көршіңді атайын деп, Әйелінің қасына жатайын деп Қалғаның үшін, Түн ішінде трусишең, Барғаның үшін, Көршің қашып кетіп, Аңқиып қалғаның үшін, Түрмеде шірисің, Үстіңе тұз сеппесең, Сасып, ірисің! – Сот мырза, Емеспін ырза, Мұның бәрі жала! – Әй, маған қара! Құрисың, сен бала, Өзіңше боласың, Ісіңнің бәрі шала! Түрмеде тоңасың, Бар ма, сенде сана? – Сіз де кетпейсіз, ұзап, Мұның бәрі маған Ия, жағдайым жаман, Құрылған еді, тұзақ, Мейлі, түрмеге де кетермін,. Бірақ, түбі сот мырза, Шындыққа бір жетермін, Ал, қазір, жаламен, Отырған бір бекермін... Дегенде, сот оталып кетті, Қысқасы, бала, Жағылып жала, Сотталып кетті... Осындай сот солқылдақ, Қалада бар, Ауылда, далада бар, Жылағың келер солқылдап, Мәселен, Ақтөбеде сот болды, Сот емес-ау, от болды, Шенеуніктер ұсталып, Маңдайлары шот болды, Жеті жылға кеткенмен, Ауыр жаза жеткенмен, Жарылуға шақ қалды, Жанкелді Әбәкіров, Күні кеше ақталды! Бұрынғы «зам» әкім Таза еді, мақталды, Бірақ оның намысы, Солақай сотпен тапталды, Соттаған судьяның Жанын кімдер ап қалды? Әдқисса: «Қазына ақшасын жымқырды» – деген жаламен жеті жылға сотталған Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жанкелді Әубәкіровтің жолы болды. Жоғарғы сот оны ақтап шығарды. Олай болса, адам тағдырымен ойнаған соттың мәселесін майшаммен қарау керек шығар?Ақмарал ӘБДІҚЫЗЫ