«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.
"6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты",– деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.