Астанада зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) дамыту жалғасады. ЗКЖ көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік қозғалысының кешігуін азайтуға, жол жүру уақытын қысқартуға және т.б. мүмкіндік береді. Көлік және көше-жол желісі саласындағы цифрлық шешімдер, кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.
"Астанада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жылдамдығы 18% - ға ұлғайды, жол жүрудің орташа уақыты 20% - ға азайды. "Ақылды" бағдаршамдар кептеліс кезінде оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік береді, осылайша жолдардағы қозғалысты жеңілдетеді. Қалада бағдаршам нысандарының 40% - дан астамы зияткерлік функциялармен жабдықталған. Келесі кезеңде бағдаршам нысандарының шамамен 80%-ын ИТЖ-мен қамтуды жоспарлап отырмыз", - деді Алтай Көлгінов.