Үлескерлер саны 16 мың отбасынан 2 мың отбасына дейін қысқарады. Биыл құрылысы ұзаққа созылған тағы 30 үйдің құрылысы аяқталады. Осылайша, 2022 жылдың соңына қарай құрылысы ұзаққа созылған 150 үйдің 120-сында мәселе шешіледі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов сақалды құрылыстарды аяқтау бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыс туралы айтып берді.
"Біздің алдымызда 16 мың үлескер-отбасының мәселесін шешу міндеті тұрды. Бұл жай ғана сандар емес, бұл ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді аралап жүрген біздің тұрғындардың тағдыры, олар бұрында-ақ өз үйлеріне кірулері тиіс болған. Биыл құрылысы ұзаққа созылған тағы 30 көппәтерлі тұрғын үйді салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Ұзаққа созылған құрылыстардағы жұмыстың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Жыл соңына дейін аяқталатын сақалды құрылыс саны 150-ден 120-ны құрайды, үлескерлер саны 15 мың отбасынан 2 мың отбасына дейін қысқарады. Соған қарамастан, тағы 30 сақалды құрылыс қалып отыр, олардың құрылысын аяқтау бойынша нақты жопарланған мерзім бар", – деді Алтай Көлгінов.