Алматылық жастар #BizBirgemiz челленджіне қосылды

Алматылық жастар #BizBirgemiz челленджіне қосылды

Jas Otan Жастар қанаты Алматы қалалық филиалы еліміздің барлық аймақтарында жүріп жатқан «Біз біргеміз» акцияcына қолдау білдіріп, табиғаттың тосын мінез танытқан тұсында челленджді қолға алды. Алматыда соңғы күндері қар көп жауғандықтан көпшілікті әбігерге түсірді. Коммуналдық қызмет мамандары көшелер мен аулаларды қардан тазалап үлгере алмауда. Волонтер жастар қала көшелері мен тұрғын үйердің ауласын қардан тазалауға құлшына кірісті. Хамит Ерғалиев атындағы жағалау бойында ұйымдастырылған шараға қатысушылар шаһарымыздағы ЖОО мен колледждердегі Jas Otan қатарындағы волонтерлер. Іс-шара барысында жасотандықтар тазалық сақшыларына ыстық шәй мен тәтті бауырсақтар таратып, алғыстарына бөленді. Бұл – белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен бір топ жас бастаған игі шара. Атаулы челленджді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдаған болатын. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ