Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 361-ге жетті

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 361-ге жетті

CNN ақпарат агенттігі хабарлауынша, вирусты жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады. Өкініштісі, жан-жақты емдеу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, соңғы бір тәуліктің ішінде 56 адам қаза болған. Жаңадан 2103 адамға вирус тараған. Қытайдың денсаулық сақтау басқармасы 478 адамның ауыр халде жатқанын айтады.