Бұл туралы Атырау қаласындағы №2 мектепте өткен жиында Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен Атырауда 33 қылмыс жасалды. Кәмелетке толмағандарға қарсы 72 қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмысқа талдау жасайтын болсақ, Атырау қаласында барлығы 15 қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде. Білім беру ұйымдары тарапынан құқық қорғау орган қызметкерлеріне дер кезінде ақпарат келсе, әр факті бойынша уақытылы шешім шығаруға дайынбыз, – деді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА