«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция Форумының қорытындысы белсенді талқылануда.
Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында депутат Омар Шоназаров Халықтық коалицияның жуырда өткен Форумын тарихи оқиға деп атады.
«Әрине, Қазақстанның әр азаматы өз қалауына қарай таңдау жасай алады», – деді ол. Алматы қаласындағы коммерциялық кәсіпорынның басшысы Дархан Төлеуов экономиканы дамыту мәселесіне назар аударды. «Шағын және орта бизнес – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан, «AMANAT» партиясы өзінің Саяси тұғырнамасында кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне баса назар аударғанына қуаныштымын», – деді ол.
«Халықтық коалицияның белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында 400 мыңға жуық азаматтың қолын жинай алды. Әділетті Қазақстанды қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ғана құруға болады», – деді «Күркелес» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұхит Әсілов.