Шығыс Қазақстан жеңіл атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Арина Гладышева осы күндері Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды. 16 жастағы Арина Гладышева 3 000 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмей, басты жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, өскемендік жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Азия чемпионатының екінші алтын медалін салды. Бұған дейін Сабрина Арзиева 5 000 метрге жаяу жүру жарысында топ жарған болатын. Бұдан бөлек, Анастасия Колода 400 метр қашықтықта кедергілермен жүгіру жарысында күміс жүлде жеңіп алған еді.