Атырауда жыл басынан бері 96 егіз сәби дүниеге келген. Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Альмира Сабырғалиева мәлім етті. Биылғы 9 айда 96 егіз, бір үшем дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда егіздер саны 9,1 пайызға артып отыр.
-Жыл басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында 6796 сәби дүниеге келді. Соның ішінде егіздер саны артып келеді. Биыл жыл соңына дейін туу көрсеткіші тағы өседі деген болжам бар, – деді А. Сабырғалиева.Айта кетейік, өткен жылы өңірде 7375 сәби дүниеге келген.
Баян Жанұзақова