Алдағы 3 күнде солтүстік өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Алдағы 3 күнде солтүстік өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбырдың соңы қарға ұласады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.