Жол қауіпсіздігін бүгінде бағдаршамсыз елестете алмаймыз. Бағдаршамдар қауіпсіз көлік қозғалысының ажырамас бөлігіне айналған. АҚШ Көлік министрлігінің мәліметінше, Құрама штаттарда көше қиылысында шамамен 330 000 бағдаршам жұмыс істейді. Олардың төрттен үшінде тиімділігін өсіретін жаңа технология пайдаланылған. Бұл туралы Aikyn.kz америкалық SlashGear ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
[caption id="attachment_223268" align="aligncenter" > Бүгінгі үлкен қалалардағы кептелістен көрініс. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Мегаполистердің тұрғындары жол қозғалысын реттеуде бағдаршамның қызметі қаншалықты дұрыс есептелмегенін біледі. Олар автокөлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де ерекше қиындықтар туғызады. Тәуліктің қарбалас шағында қызыл шамның кептеліс жасайтынын жақсы біледі.
Бірақ қызыл шамдар мен бағдаршамдар енді 10-15 жылда қала көшелерінен алынып қалуы мүмкін. Өйткені болашақ керемет жылдамдықпен өзгеруде. Жасанды интеллект басқаратын өздігінен жүретін көліктердің пайда болуымен жолдардағы қозғалысты бағыттауға көмектесетін бағдаршамдар да мүлдем жойылуы мүмкін.
[caption id="attachment_223269" align="aligncenter" > Интеллектуалды автокөліктер адамның қатысуынсыз жүреді, жол ережесін бұзбайды.
Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Зерттеушілер жолдарда ақылды көліктердің пайда болуы біртіндеп бағдаршамдар мен жол белгілерінен бас тартуға алып келетінін айтады.
Технология адамдардың қозғалу жолында төңкеріс жасады. SlashGear сарапшылары соңғы онжылдықта үнемделген жанармай көлемі өскенін айтады. Электр көліктерге көшу бұл үрдісті күшейтеді.
[caption id="attachment_223270" align="aligncenter" > Астананың әуежайына апаратын бағдаршамсыз жол осылай болады.
Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Жапондық NTT Corporation телекоммуникациялық компаниясының есебіне сүйенген сарапшылар қала жолдарында бағдаршамдар, жол белгілері және кептеліс азаятынын айтады. Себебі жүргізушісіз ақылды көліктер 5G арқылы бір-бірімен байланысып, қозғалысты өздері үйлестіріп, жолдағы қиындықтарды бір-біріне ескертеді. Сондықтан мамандар бағдаршамның біртіндеп жойылатынын болжап отыр.
[caption id="attachment_223271" align="aligncenter" > Қаладағы қауіпсіз жол концепциясы – айналма жолдарды дамыту.
Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Жол дизайнерлері бағдаршамдар мен айналма жолдардың салыстырмалы айырмашылығы туралы ондаған жылдар бойы дауласып келеді. Бірақ үкім мынадай: ACS Engineers инженерлері бағдаршамдардан гөрі айналма жолдарды салу экономикалық жағынан арзан әрі соқтығыстарды 37%-ға азайтады.
Бірақ көлік қозғалысы үшін айналма жолдар әрқашан тиімдірек бола бермейтінін де ескерген жөн. Сондықтан мүмкін болған көше қиылыстарында, қалалық құрылыстарда айналма жолды пайдалану әрқашан бағдаршамдарды орнатудан гөрі тиімді және қауіпсіз нұсқа болып саналады.
[caption id="attachment_223273" align="aligncenter" > Жасыл желекпен қоршалған даңғылдарда жасанды интеллект басқаратын көліктер жүреді. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Интеллектуалды көліктердің көбеюі бағдаршамдар мен бүгінгі жол қауіпсіздігін басқару жүйелерінің артықшылығын жоюы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, ақылды қалаларда жол-көлік оқиғалары кезінде жазатайым өлім саны әлем бойынша жылына 1,3 миллион жағдайға азаяды.
Mассачусетс технологиялық институтының зерттеушілері көліктердің тиімділігін арттыратын «слотқа негізделген қиылыстар» идеясына бағытталған зерттеу жүргізді. Көліктің мұндай футуристік көзқарасы толығымен жүргізушісіз жол концепциясына негізделген.
Бұл тұжырымдама ойдан шығарылмаған. Осыған ұқсас белгілерді көптеген ғылыми-фантастикалық фильмдерден де көруге болады (2004 жылы шыққан «Мен, робот» фильмінің бас кейіпкері көлігін қолмен басқару режиміне көшіріп, бірнеше жол апатына ұшырайды). Мұндай фильмдер адамның болашақтың жолдарда дәрменсіз екенін, жасанды интеллект басқаратын көліктердің жанында адам басқаруындағы көлік қауіпті екенін көрсетеді.
[caption id="attachment_223275" align="aligncenter" > Жасанды интеллектпен жабдықталған көліктердің компьютерлері 30 миллион автокөлікпен бір уақытта «байланысуға» қабілетті. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Жыл басында NTT корпорациясының зерттеушілері де жолдарда интеллектуалды көліктердің пайда болуы бағдаршамдар мен жол белгілерін кезең-кезеңмен алып тастауға мүмкіндік беретінін айтқан. Сарапшылардың пікірінше, авто-дрондардың борттық компьютерлері 30 миллион автокөлікпен бір уақытта «байланысуға» қабілетті болады. Жол қозғалысына қатысатын көліктердің қауіпсіздігін бір-бірімен өзара әрекеттесетін сенсорлардың жиынтығына байланысты. Осылайша, жүргізушісіз көліктер бір-бірімен үнемі байланыста болады және белгілі бір жол учаскесінен өту реттілігі туралы бір-бірімен «келіседі». Олар тіпті жолдағы басқа көліктер желісі арқылы тоқтамай, қауіпсіз жылдамдықпен қозғалады. Бұл процесс толық автоматтандырылған және кедергісіз болады.
[caption id="attachment_223279" align="aligncenter" > Адамдар мен жол қауіпсіздігін бақылайтын дрондар. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Қауіпсіз автокөліктер мен жолдар жасауды мақсат еткен көлік менеджерлері үшін бұл оңай шаруа емес. Бірақ болашақтың технологиялық келбеті оптимизмге кең жол ашады.
Ғаламдық тенденциялар да Астана қаласының инфрақұрылымына әсер етпей қоймайды. Басқа әлем мегаполистеріндегі сияқты Алматы, Шымкент пен Астанада бағдаршамдардың орнына ақпараттық таблолар мен жарнамалық баннерлер қойылып жатса таңданбайық. Технологиялық прогрестің нәтижесі деп қабылдайық.