Қайғылы оқиға 20 қазан күні сағат 07:45 шамасында Атырау облысындағы Құлсары қаласында орын алған. Toyota Prado автокөлігін тізгіндеген 74 жастағы жүргізуші 11 жасар баланы қағып кеткен.
"Бала оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бап, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.